Выберите язык

 МТҰК-ке азаматтық қоғам өкілдерін сайлауы

Барлық мүдделі тұлғаларды МТҰК-ке азаматтық қоғам өкілдерін сайлауға қатысуға шақырамыз.

Наурыз айында Қазақстанда ӨСАБ-ты іске асыру жөніндегі Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесіне азаматтық қоғам өкілдерін, сондай-ақ ӨСАБ жөніндегі Диалог алаңының модераторын сайлау өтеді.

ӨСАБ жөніндегі Диалог алаңының тараптары: «Азаматтық бақылау» коалициясы (бұрынғы «Мұнай табыстары – қоғам бақылауында» коалициясы), Қазақстанның Азаматтық альянсы кандидаттарды ұсыну құқығына ие.

Мемлекеттік қызметкерден және бизнес өкілінен басқа, кез келген ҚР азаматы кандидат бола алады. Кандидат Диалог алаңның тараптарына кіретін ҮЕҰ-ның қызметкері болуы міндетті емес. Ниет білдірірушілер Диалог алаңының үйлестірушілерімен байланысу қажет.

«Азаматтық бақылау» коалициясы, Қазақстанда ӨСАБ процесін қолдайтын Коалицияға кіретін-кірмейтіндігіне қарамастан, кез келген ҚР азаматын кандидат ретінде ұсына алады.

Қазақстанның Азаматтық альянсының мүшелер, мемлекеттік қызметкерден және бизнес өкілінен басқа, кез келген Қазақстан азаматын ұсына алады.  

Әр тараптан ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейді.

Барлық тараптар кандидаттарды іріктеу кезінде кәсіби тәжірибесі, өндіруші өңірге тиістілігі, гендерлік теңгерім сынды өлшемшарттарды ескере отырып, бірақ олармен шектелмей, мұқият және байыппен бағалап іріктеуі тиіс. Сонымен қатар, кандидаттарды ұсыну кезінде әлеуметтік, ұлттық, жыныстық, жастық және өзге де принциптер бойынша алалаушылыққа жол бермеуі қажет.

МТҰК мүшелігіне бір адам қатарынан үш рет қана ұсынылып, сайлана алады. Бұл норма МТҰК-тің негізгі құрамы үшін, яғни дауыс беру қорытындысы бойынша рейтинге сәйкес алғашқы үш позицияны иеленген кандидаттарға ғана қолданылады.

МТҰК мүшелігіне азаматтық қоғам өкілдері мен ДА модераторы 3 жылға сайланады.

Кандидаттарды ұсыну 28 ақпанға дейін жалғасады.

Кандидаттарды ұсыну мәселесі бойынша: 

«Азаматтық бақылау» коалициясының үйлестірушісі Светлана Ушаковаға, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.  

Қазақстанның Азаматтық альянсының өкілі Жібек Ахметоваға, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.;

Қосымша сұрақтар бойынша Диалог алаңының модераторы Мария Лобачеваға, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. хабарласуға болады.