Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесіне азаматтық қоғам өкілдерін сайлау. Барлық мүдделі тұлғаларды МТҰК-ке азаматтық қоғам өкілдерін сайлауға қатысуға шақырамыз.
Мамыр айында Қазақстанда ӨСАБ-ты іске асыру жөніндегі Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесіне азаматтық қоғам өкілдерін, сондай-ақ ӨСАБ жөніндегі Диалог алаңының модераторын сайлау өтеді.
ӨСАБ жөніндегі Диалог алаңының тараптары: «Азаматтық бақылау» коалициясы (бұрынғы «Мұнай табыстары – қоғам бақылауында» коалициясы), Қазақстанның Азаматтық альянсы кандидаттарды ұсыну құқығына ие.
Мемлекеттік қызметкерден және бизнес өкілінен басқа, кез келген ҚР азаматы кандидат бола алады. Кандидат Диалог алаңның тараптарына кіретін ҮЕҰ-ның қызметкері болуы міндетті емес.
«Азаматтық бақылау» коалициясы, Қазақстанда ӨСАБ процесін қолдайтын Коалицияға кіретін-кірмейтіндігіне қарамастан, кез келген ҚР азаматын кандидат ретінде ұсына алады. Қазақстанның Азаматтық альянсына мүшелер, мемлекеттік қызметкерден және бизнес өкілінен басқа, кез келген Қазақстан азаматын ұсына алады.
Әр тараптан ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейді.
Барлық тараптар кандидаттарды іріктеу кезінде кәсіби тәжірибесі, өндіруші өңірге тиістілігі, гендерлік теңгерім сынды өлшемшарттарды ескере отырып, бірақ олармен шектелмей, мұқият және байыппен бағалап іріктеуі тиіс. Сонымен қатар, кандидаттарды ұсыну кезінде әлеуметтік, ұлттық, жыныстық, жастық және өзге де принциптер бойынша алалаушылыққа жол бермеуі қажет.
МТҰК мүшелігіне бір адам қатарынан үш рет қана ұсынылып, сайлана алады. Бұл норма МТҰК-тің негізгі құрамы үшін, яғни дауыс беру қорытындысы бойынша рейтинге сәйкес алғашқы үш позицияны иеленген кандидаттарға ғана қолданылады.
Кандидаттарды ұсыну 13 мамырға дейін жалғасады.
Кандидаттарды ұсыну мәселесі бойынша:
«Азаматтық бақылау» коалициясының үйлестірушісі Светлана Ушаковаға,
Қазақстанның Азаматтық альянсының өкілі Жібек Ахметоваға,
Қосымша сұрақтар бойынша Диалог алаңының модераторы Мария Лобачеваға,